Өзіміз басқара алатын нәрселерге назар аудару маңызды. Өміріміздің барлық аспектілеріне әсер ете алмайтынымызды мойындау, қабылдау және түсіну. Қолымыздан келгенше ғана әрекет ету.
üi küiı üi ü— тоқтау, тыңдау, сипаттау, бекіту, білдіруге арналған жоба. Музыка мен дыбыс — көзге көрінбейтін әлемге, оларсыз жетуге болмайтын қабылдау нүктелеріне бағыттаушылар.

Қазіргі күнделікті өмірде біз қиындықтарға жиі тап боламыз. Шексіз ақпарат ағынында, медиа әсеріне беріле отыра, тепе-теңдікті жоғалтамыз, тұрақсыз күйге түсеміз.
Өмірден ләззат алудың орнына өнімділікті күйінішпен алмастырамыз, мазасыздықты сезінеміз. Қоғамда, елде, отбасыда — айналамызда болып жатқан барлық заттарға алаңдаймыз. Бұл алаңдаушылықпен не істесе болады?
Төрт бөлімнен тұратын аудио‑визуалды перформанс
qazaq indie супертобының перформанстары бүгінгі таңда Қазақстанның музыкалық және сахналық нарығындағы үйреншікті нәрселерден тыс. Жас музыканттар, ақындар, дыбыс практиктері, продюсерлер мен промоутерлердің біріккен күштері — бұл осы заманның ең өзекті қасіреті мен қуанышы жайлы поэзиялық мәтіндерден тоқылған, дәстүрлі дыбыс пен туған жердің бай музыкалық мәдениетімен шабыттанған, бірегей вокалмен күшейтілген, эксперименталды электроника мен дыбыстық синтез арқылы еркіндікке ұмтылған, жарқын және ерекше әрекет.
üi küiı ükii— үйдің жеке және ортақ мағынасы жайлы эпикалық қоғамдық күй.
üi küiı ükii— бұл көптен күткен, шынайы сұхбат; баршамызға ортақ, сол себептен төзуге болатын ауырсыну; бәрімізге көбейтілген, сол себептен шексіз қуаныш.
Перформанс 4 бөлімге бөлінген — қала, үй, білім, рух. Қойылым өте келе сахна үстінде ілулі тұрған мобиль айналып, көрерменге әртүрлі жақтарымен көрінеді. Әр жақ өз бөлімін бейнелейді. Мобиль осы төрт әлемге жолсерік болып келетін әншілер мен ақындармен бұрылады. Музыканың көңіл-күйі мен мәтіндердің мағынасы сәйкесінше өзгеріп, саяхат пен жол сезімін сыйлайды.

üi küiı üi kii— бұл көптен күткен, шынайы сұхбат; баршамызға ортақ, сол себептен төзуге болатын ауырсыну; бәрімізге көбейтілген, сол себептен шексіз қуаныш.
Almaty Theatre
Алматы, Әл-Фараби даңғылы, 30

5 шілде
üi küiı — QAZAQ INDIE СУПЕРТОБЫНЫҢ ПЕРФОРМАНСЫ
19:00
Бұл мәдени алаңда, тәжірибелер мен медиумдарда қала отыра, және сонымен қатар бір концертке біріге отыра маңызды заттар туралы айтуға мүмкіндік іздеу жайлы әңгіме.

Қойылым емдік жорамен ашылады. Бөлек дыбыстардан басталған импровизация перформанс қатысушыларымен жалғасып, тығыз дыбыстық ланшафтқа айналады.

Перформанс элементтерінің арасында — дәстүрлі аспаптармен орындалатын заманауи әндер; мәдени кодтың бір музыкалық жанрдан екіншісіне өтуі; мақал-мәтелдерді әндету; электронды музыкада қолдау тапқан еркін өлең.
üi küiı üi kii— үйдің жеке және ортақ мағынасы жайлы эпикалық қоғамдық күй.
qazaq indie супертобының әртістері
Музыкант және әндер авторы. Оның шығармашылық стилі қазақи дүниетанымның әсерін сақтай отыра, бүгінгі адамның эмоциялары мен ойларын жеткізе алуымен ерекшеленеді.
Қазақстандық инди орындаушы, ақын және суретші Самрат Иржасовтың жобасы. Өзінің өзгеше тілі мен бірегей қойылымдарымен ерекшеленеді.
Дарынды орындаушы, композитор және музыкант. Инди-поптың ең жарқын өкілдерінің бірі.
Ақын Ануар Дүйсенбинов пен композитор Рүстем Мырзахметовтың музыкалық жобасы. Олардың музыкасы эклектикалық және кинематографиялық электронды музыканы заманауи поэзиямен біріктіреді.
Альтернативті фолк жанрында музыканы орындайтын ұжым. Олар әлемдік музыка стильдерін дәстүрлі қазақ ұлттық аспаптарымен араластырады.
Суретші және музыкант, дыбыс, қойылым және технологиялық тәжірибелер қиылысында жұмыс істейді.
Жауапсыз қалған, маза бермей, жүрекке тиетін сұрақтарға жауап іздеу барысында üi küiı жобасы пайда болды.
Үй күйі жайлы музыкалық зерттеу ашық бағдарламадан басталды. Онда біз сарапшылар Қарлығаш Байжігітова мен Дана Амировамен бірге түркі мәдениетінің академиялық қырларына үңіліп, жарақаттарды (жеке, ортақ, жағдаятты) санамыздан өткізудегі музыканың рөліне ерекше көңіл бөлдік. Сондай-ақ көшпенділер үшін үйдің не екенін түсінуге тырыстық.

Дәрістерден бөлек Ever Deadly деректі фильмін көрдік. Бұл инуит тектес авангард әнші Таня Тағақтың cезімтал, музыкалық-кинематографиялық тәжірибесі. Фильм Таняның дыбысы отаршылық әсер, табиғи еркіндік және Канада тарихы аясында қалай өзгергенін зерттейді.
қалай өтті
I бөлім.
НАУРЫЗ 2024
Үй күйі жайлы музыкалық зерттеу ашық бағдарламадан басталды. Онда біз сарапшылар Қарлығаш Байжігітова мен Дана Амировамен бірге түркі мәдениетінің академиялық қырларына үңіліп, жарақаттарды (жеке, ортақ, жағдаятты) санамыздан өткізудегі музыканың рөліне ерекше көңіл бөлдік. Сондай-ақ көшпенділер үшін үйдің не екенін түсінуге тырыстық.
Дәрістерден бөлек Ever Deadly деректі фильмін көрдік. Бұл инуит тектес авангард әнші Таня Тағақтың cезімтал, музыкалық-кинематографиялық тәжірибесі. Фильм Таняның дыбысы отаршылық әсер, табиғи еркіндік және Канада тарихы аясында қалай өзгергенін зерттейді.
Ал соңында бәрі qazaq indie супертобының перформансы мен Ғалия Бейсенғалиеваның жеке өнер көрсетуімен аяқталды. тыңдармандар, көрермендер, сахна мен сахна артындағы команда, бәріміз қайғыдан бастап қуанышқа дейін түрлі эмоцияда тоқылған бір көрпеге оранып біріктік.

Дәл сол себепті üi küii міндетті түрде жалғасуы керек деген шешім қабылдадық.
II бөлім.
Мәдени мұраға үңілу және адам мен табиғат өмірінің кезеңділігіне саяхат. Жоба аясында біз стоп-моушннен қуыршақ қойылымдарға дейін, түрлі стиль мен техникада анимациялық бейнелер сериясын жасадық. Нәтижесінде ойын түрінде дәстүрлі әндер, бесік жыры, өлең, түркі елдерінің санамақтарын ашатын толыққанды мультфильм пайда болды.
ән жатқан сандық
СЕМАНТИКА СЛОВА «ДОМ» У КОЧЕВЫХ ПЛЕМЕН
9
марта
Традиционная музыка казахов вчера и сегодня
9
марта
ПОКАЗ ФИЛЬМА Ever Deadly
Погружающий и чувственный музыкально-кинематографический опыт Тани Тағақ, авангардной певицы инуитского происхождения
10 марта
Карлыгаш Сабыровна Бижигитова
Кандидат исторических наук, доцент кафедры «Социально-гуманитарные дисциплины»
101 dump gallery
Алматы, улица Панфилова 101

14:00
16:00
15:00
Дина Амирова
Этномузыколог, кандидат искусствоведения, доцент Казахской Национальной Консерватории им. Курмангазы
ПРОГРАММА
Осылайша біз жаңа, эксперименталды заттардың барлығы қайта қарастыру мен бейімдеу, жаңа көзқарас пен ізденіс, еркіндік, шабыт және құрмет арқылы ата-бабаларымыздың тәжірибесіне негізделгенін көрсеткіміз келді.
Алғыс
Жоба үстінде үлкен талантты команда жұмыс істеді. Барлығына алғысымыз шексіз. Бұл бізге, көрермендер мен тыңдаушыларға сипаттау қиын, бірақ ұзақ уақыт бойы бізбен бірге болатын әсер берген ұжымдық біріктіруші тәжірибе.
Супергруппа qazaq indie объединяет традиционных музыкантов, электронных продюсеров, практиков звука, поэтов, создавая мультидисциплинарные перформансы на стыке музыки, поэзии и театра.
üi küiı — один из таких перформансов супергруппы. нас интересует целительный потенциал музыки, и почти неограниченные возможности звука изменять состояния — исполнителей, слушателей, пространств.
Біздің серіктестеріміз:
Рақмет:
Мбиа Сабрина
Ануар Дюйсенбинов
lovozero
dudeontheguitar
Steppe Sons
Якупов Руслан
Толеутай Назерке
Торебек Алина
Келiс Бахтияр
Балтабекова Куляш
Аршидинов Азимхан
Гайбуллаев Әділет
Рустем Мырзахметов
Махмутова Гулфара
Куаныш Ниса
Рахимова Дарина
Туменбай Айгерим
Анита Черных
Нуртас Сисекенов
Самир Афарди
Бауыржан Сабит
Аян Мароканский
Эмиль Вяткин
Толк — шығармашылық бірлестік және креативті студия. Біз қазіргі Қазақстанды әртүрлі форматтар мен медиа-алаңдар арқылы адамдардың дауыстарымен зерттейміз. Біз сұрақ қоюдан, шындықты айтудан, тыңдаудан және естуден қорықпаймыз. Біз қауымдастық құрамыз, құндылықтар мен идеялар арқылы біріктіреміз.

Толк — әлеммен бірге өзгеретін, сезінетін және жауап қайтаратын тірі ағза.
qazaq indie — 2017 жылы Алматыда құрылған музыкалық лейбл және көпсалалы жоба. Жобаның мақсаты Қазақстандағы тәуелсіз және эксперименталды музыкалық мәдениетті қолдау және оның мұрасын сақтау болып табылады.

Жоба әртістерінің музыкасын шығарумен қатар, музыканың, театрдың, бейнелеу өнері мен бидің қиылысында перформанстар жасай отырып, әр түрлі жанрлар мен пәндердің музыканттарымен арнайы жобаларды жүзеге асырумен айналысады.
БІЗ ТУРАЛЫ
PR және байланыс
Билет сатып алу және перформанс жайлы сұрақтар